ҰҚК Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларына қатысты тергеуді аяқтады

1243

Қазіргі уақытта күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр. 

ҰҚК Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларына қатысты тергеуді аяқтады

Мемлекетке опасыздық жасады, билікті күштеп тартып алу және билікті асыра пайдаланды деген айыптар тағылған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісін тергеу аяқталды, деп inbusiness.kz  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"ҰҚК бұрынғы басшылығы К.Қ. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге, М.С. Өсіповке және лауазымды адамдар Д.М. Акиповке, Н.К. Бекмұратқа, А.А. қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады", – деп жазылған хабарламада.

Мәсімовтің және Садықұловтың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі, 179-бабы 3-бөлігі және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша,

Ерғожин ҚК 179-бабы 3-бөлігі және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша,

Өсіпов ҚК 362-бабы 3-бөлігі бойынша,

Акипов және Бекмұрат ҚК 362-бабы 1-бөлігі бойынша сараланды.

Іс материалдарымен танысу кезеңіне қамауда ұстау мерзімі Мәсімов пен Садықұловқа осы жылдың 6 қазанына дейін, Ерғожинге13 қазанға және Өсіповке 22 қазанға дейін ұзартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу