Украина дрондармен Ресейдегі Wildberries қоймаларына соққы жасады

379

Украина Ресей аумағындағы Wildberries компаниясының ірі логистикалық орталықтарына дронмен шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан адам шығыны тіркеліп, бірнеше қоймада ірі өрт шықты.

Украина дрондармен Ресейдегі Wildberries қоймаларына соққы жасады Фото: theins.org

Ресей билігінің мәліметінше, соққылар Тамбов облысындағы Котовск қаласы мен Мәскеу облысындағы Электросталь қаласында орналасқан Wildberries қоймаларына жасалған, деп жазады inbusiness.kz сайты REUTERS басылымына сілтеме жасап.

Котовскідегі қоймада түнгі ауысым кезінде жұмыс істеген 7 адам қаза тауып, ондаған адам түрлі деңгейде жарақат алған. Электростальдағы нысанда да жараланғандар бар.

Украина Президенті Владимир Зеленский шабуыл жасалған нысандар Ресейдің әскери өнеркәсібіне қызмет еткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, қоймаларда дрон өндірісіне арналған санкциялық электрондық компоненттер мен навигациялық жабдықтар сақталған.

Ал Ресей тарапы бұл мәлімдемені жоққа шығарып, Wildberries қоймалары азаматтық мақсаттағы логистикалық нысандар болғанын және шабуылдың бейбіт инфрақұрылымға қарсы жасалғанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу