Украина мен АҚШ пайдалы қазбалар туралы келісім бойынша меморандумға қол қойды

750

Енді екі ел президенттері бұл келісімнің өзіне жақын арада қол қояды. 

Украина мен АҚШ пайдалы қазбалар туралы келісім бойынша меморандумға қол қойды Фото: lenta.ru

Украина мен АҚШ пайдалы қазбалар жөнінде келісім аясында меморандумға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Украина вице-премьері және экономика министрі Юлия Свириденко мәлім етті.

"Бүгін біз АҚШ-пен экономикалық әріптестік туралы ортақ келісімге бір табан жақындадық. Украина мен Америка Құрама Штаттары өз командаларының тиімді бірлескен жұмысын және екі халыққа да тиімді болатын келісімді аяғына дейін жеткізіп, қол қоюға ниетті екенін растайтын меморандумға қол қойды", - деді ол.

Сөзінше, Украинаны қалпына келтіру үшін инвестициялық қор құру жұмыстары жүргізілетін болады.

Свириденко бұл құжат арқылы тараптар "америкалықтардың украин халқымен бірге еркін, егемен әрі қауіпсіз Украинаны дамыту мақсатында инвестиция салуға деген ұмтылысын растағанын" айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу