Украина мен Еуропа елдері 30 күндік бітімге дайын

165

Киевтегі кездесудің мақсаты – Мәскеуден "30 күнге толық әрі сөзсіз атысты тоқтатуды" талап ету болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Украина мен Еуропа елдері 30 күндік бітімге дайын Фото: AP Photo/Evgeniy Maloletka

Франция Президенті Эммануэль Макрон, Германия Канцлері Фридрих Мерц, Ұлыбритания Премьер-Министрі Кир Стармер және Польша Премьер-Министрі Дональд Туск Украина астанасына барып, Киевке қолдау білдіру және АҚШ-пен бірге Мәскеуден "30 күнге толық әрі сөзсіз атысты тоқтатуды" талап ету үшін жиналды.

Киев саммиті 9 мамыр құрметіне өткен Мәскеудегі парадта Владимир Путин Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді қоса алғанда, 20-дан астам шетелдік қонақты жинағаннан кейінгі келесі күні өтіп жатыр.

Жаңа сайланған Германия канцлері үшін бұл – Украинаға алғашқы сапары. Макрон мен Стармермен бірге пойызбен жасаған алғашқы бірлескен сапары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу