Украина Ресейге қарағанда соғысты аяқтауға көбірек мүдделі болуы тиіс – Трамп

114

Бұл туралы ол журналистерге берген сұхбатында айтты.

Украина Ресейге қарағанда соғысты аяқтауға көбірек мүдделі болуы тиіс – Трамп Фото: REUTERS / Stoyan Nenov

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина соғысты тоқтату үшін ұсынылған шарттарға келісуі тиіс екенін тағы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC News-ке сілтеме жасап. 

"Украина соғыс мәселесін шешуге мүдделі болуы тиіс. Оған (ред. – Зеленскийге) келісімге келуге тура келеді, себебі оның халқы бұдан әрі төзе алмайды", – деді Трамп журналистерге берген сұхбатында.

Ақ үй басшысының айтуынша, Ресей үлкен машина сияқты. 

"Олар алға ғана ұмтылып жатыр. Олар өте үлкен жер телімін басып алды", – деп атап өтті АҚШ президенті.

Бұған дейін Дональд Трамп "егер Украина Донецк облысының қалған бөлігін берсе, Ресей соғысты тоқтатуға келіседі" деген мәлімдемені бірнеше рет айтты. Ал Украина мен оның еуропалық одақтастары бұған сенуге мүлдем болмайтынын және Ресей басшылығы тәуелсіз Украина мемлекетін жою мақсатынан бас тартпағанын түсіндіріп келеді, деп жазады БАҚ.

Сондай-ақ Трамп Путинмен соңғы сөйлесуі кезінде одан 74 жастағы америкалық Стивен Хаббардты босатуды сұрағанын айтты. АҚШ азаматы соғыстың бас кезінде тұтқынға алынып, екі жыл бұрын 6 жыл 10 айға бас бостандығынан айырылған болатын.

Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф та Путинмен өтетін таяудағы кездесуде Хаббардтың тағдырын талқылау ниеті бар екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу