Ұлан Қонысбаев өз кәсіби мансабында "Тараздан" бөлек "Астана", "Шахтер", "Қайрат", "Атырау", "Ақтөбе" секілді белді клубтарда нәтижелі өнер көрсетті. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 30-дан аса матч өткізді.
2011 жылғы чемпионаттың "Үздік футболшысы" болған Ұлан Қазақстан чемпионы, Кубок және Суперкубок иегері атанды.
Спорттық мансабында жалпы саны 300-ден астам ойында 40 гол соққан.
Ұлан Қонысбаев биыл тараздық команданың премьер лигаға шығуына мол үлес қосып, тың серпіліс әкеледі деп үміттенеміз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу