Ұлан Қонысбаев "Таразға" қайта оралды

2126

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Ұлан Қонысбаев "Тараз" ойыншысы атанды.

Ұлан Қонысбаев "Таразға" қайта оралды

Қонысбаев - Жамбыл футбол мектебінің түлегі. Ол алғаш рет "Тараз" клубында 19 жасында дебют жасады. Сондай-ақ "Астана", "Шахтер", "Қайрат", "Атырау", "Ақтөбе", "Оқжетпес" сияқты командаларда ойнады.

Естеріңізге сала кетсек, 2016-жылдың маусым айында Қонысбаев Қытаймен өткен жолдастық кездесуде ауыр жарақат алған. Бұл жағдай бірінші таймның соңында орын алды. Dalian Sports Center стадионында өткен кездесудің алғашқы таймында командаластарының бірі допты баспен биіктен бағыттайды. Дәл сол уақытта Ұлан допты тоқтатамын деп құлады. Дәрігерлер оны бірден зембілге салып, жедел-жәрдем көлігімен ауруханаға алып кетті. Осылайша Қонысбаетың оң аяғының тобығы сынды. Содан кейін екі жылдан кейін ғана алаңға қайта оралды. Жалпы, ол ұлттық құрамада 32 ойын өткізіп, үш гол соққан.

Ресми түрде "Тараз" ойыншысы атанғаннан кейін Ұлан Қонысбаев өз пікірімен бөлісті.

"Мен алғашқы жетістіктерім басталған "Таразға" қайта оралғаныма қуаныштымын! Өз қалпыма қайта келіп, бар күшімді салуға тырысамын. Сүйікті жұмыстпен айналысуды қатты сағындым. Клуб басшылығына қолдау көрсеткені үшін шынайы ризашылығымды білдіремін және олардың сенімін ақтауға тырысамын", - деді Ұлан Қонысбаев.

Қазақстан премьер-лигасының 17-турынан кейін 20 ұпай иеленген "Тараз" турнирлік кестеде 9-орында келеді. Жамбылдықтар чемпионаттағы келесі ойынды сырт алаңда "Ақжайыққа" қарсы өткізеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу