Ұлтарақтағы смартфон – ҰБТ-да түлектер қандай қулықтарға барды

2643

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Наужан Дидарбекова биылғы ҰБТ кезінде оқушылар қандай қулықтарға барғанын айтып берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ұлтарақтағы смартфон – ҰБТ-да түлектер қандай қулықтарға барды

"2021 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге 145 288 талапкер қатысты. Оның ішінде 109 693-і немесе 75,5 пайызы қазақ тілінде, 35 245 бала немесе 24,3 пайызы орыс тілінде, қалған 350-і немесе 0,2 пайызы ағылшын тілінде тапсырды. Жалпы Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы 2021 жылы 69,8 балды құрады. Бұл – 2020 жылмен салыстырғанда 5 балға артық. Шекті балды 88 101 немесе тест тапсырушылардың 60 пайыздан астамы жинады",– деді Наужан Дидарбекова Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

ҰБТ орталығының өкілі орташа балдың өсіміне мектеп бітірген жас түлектердің тесті екі рет тапсыру мүмкіндігіне ие болғандықтан қол жеткізіліп отырғанын айтады. Сонымен қатар электронды жауаптарды түзеуге қайта оралу мүмкіндігінің берілуі де түлектердің нәтижесін жақсартуға жол ашқан.

"120 балдан жоғары көрсеткішке 1923 оқушы қол жеткізді. Ең жоғарғы 140 балды бір тестіленуші иеленді. Өткен жылы жоғарғы бал – 139-ды құраған еді", деді ол.

Биылғы ҰБТ-ға кіргізу процесі үш кезең бойынша өткен. Яғни тұлғаны сәйкестендіру, екіншіден тестіленушінің жеке құжаты арқылы тексерілсе, үшіншіден тестіленуші өз орнына келіп отырған кезде оның тұлғасын қайта растау процесі өткізілген. Осылайша, үш кезеңнен тұратын тестілеу процесі арқылы оқушылар ҰБТ тапсырған.

"Тестілеу барысында бөгде тұлғаларды өз орнына кіргізу жағдайлары тіркелді. Оның ішінде былтыр мұндай фактінің 7-і тіркелсе, биыл 18 адам осылайша тестен өтпек болған. Осы жағдайлардың тоғызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде елордалық 4 оқушы өз орнына жоғары оқу орындарының 4 студентін кіргізбек болған. Бұл істер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған заттарды алып кірудің 756 жағдайы тіркелді. Яғни осылардың бәрі де ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Ережені бұзғаны үшін аудиториядан 1305 адам шығарылды. Тиісінше олардың да нәтижелері жойылды",– дейді ол.

Биыл өткен жылдан қарағанда аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіру жағдайлары үш есе азайған (749-ға дейін). 

"ҰБТ барысында түлектер бірнеше қулыққа барды. Оның ішінде жасырын камераларды алып кіру, микроқұлаққаптар, шоколадқа қапталған смартфондарды алып кіру, үлкен өлшемді кроссовкалардың ұлтарағына да ұялы телефондарды салғандар болды. Маска-шпаргалкалар да кездесті. Осындай әрекеттерге барған балалардың бәрі де тестілеуге кіргізілген жоқ",– деді ол.

Аян Бекенұлы
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу