Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтті

1178

Бүгін, 2-мамыр әйелдер құрамалары арасындағы жаңа турнир - УЕФА Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтті.

Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтті

УЕФА Атқарушы комитеті былтыр күзде әйелдер арасында УЕФА Ұлттар лигасын өткізу туралы шешім қабылдады. Жарыс Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі болып, сонымен қатар Еуропа және әлем чемпионатының іріктеу кезеңдеріне ықпал етеді.

Жаңа формат әйелдер арасында Еуро-2025 чемпионатында алғаш рет қолданылады. 2023 жылдың күзінен бастап жаңа жүйе УЕФА Ұлттар лигасы мен Еуропа іріктеу кезеңін біріктіреді. Жарыс ережесі бойынша ұлттық құрамалар дивизиондар арасында ауысады (жоғарылайды немесе төмендейді), сонымен қатар Ұлттар лигасының финалдық кезеңін сарапқа салады.

Топтық кезеңде командалар УЕФА әйелдер құрамаларының рейтингіcі бойынша үш лигаға бөлінеді. Қазақстан құрамасы С лигасына түсті. Төрт топқа әр себеттен бір командадан түсті. Ал бесінші топ алғашқы үш себеттен қалған командалардан құралды.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Израиль, Эстония және Армения құрамаларымен С4 тобында өнер көрсететін болды.

С лигасының жеребесі:

С-2 тобы – Түркия, Люксембург, Литва, Грузия.

С 3 тобы – Әзербайжан, Черногория, Кипр, Фарер аралдары.

С-4 тобы – Израиль, Эстония, Қазақстан, Армения.

С-5 тобы – Солтүстік Македония, Косово, Болгария.
С лигасындағы бес топтың жеңімпаздары В лигасына өтеді. Екінші орын алған үш үздік команда В лигасында үшінші орын алған үш үздік командамен өтпелі ойындар өткізеді. Жеңімпаздар Еуропа іріктеу кезеңінде В лигасында ойнайды. Ал ұтылғандары С лигасының ойындарына қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу