Ұлттық банк 450 млрд теңгеге ПКҚ-ның облигацияларын сатып алды

3712

Қаржылық реттеуші қыркүйек айында өтімділік дағдарысын бастан өткерген "Цеснабанкт"-ті кімнің есебінен құтқарғаны әзірге белгісіз.

Ұлттық банк 450 млрд теңгеге ПКҚ-ның облигацияларын сатып алды

"Проблемалық кредиттер қоры"  (ПКҚ) АҚ-ның "Цеснабанк"-тің несие қоржынының төрттен бір бөлігін сатып алу жөніндегі келісімін ПКҚ облигацияларын сатып алу арқылы Ұлттық банк қаржыландырған. Бұл туралы abctv.kz-ке қаржы министрі Әлихан Смаилов айтты.

Аbctv.kz тілшісімен болған әңгімеде барысында қаржы министрі: "ПКҚ облигациялар шығарды, осы облигацияларды Ұлттық банк сатып алды", –  деп "Цеснабанк" пен ПКҚ арасындағы кредиттерді сату-сатып алуға қатысты келісімге түсініктеме берді.

Қаржы министрі келісімнің басқа тұстарын ашып айтпады. Материалды дайындау барысында abctv.kz-тың келісімнің басқа параметрлері және оны қаржыландыру көзі жайлы сұрағына ведомство түсініктеме бермеді. Сонымен  қатар Ұлттық банкте abctv.kz-тың осы сұрағын жауапсыз қалдырды.

Еске салар болсақ, 26 қыркүйек күні банктің басқарма төрағасы Ульф Вокурка "Цеснабанк" пен ПКҚ 450 млрд теңгеге кредиттерді сатып алу-сату келісімшартына қол қойды деп хабарлаған болатын. Банк басшысы сатып алынып жатқан активтердің сапасын бағалау болмағанын, алайда тараптар келісімшарттың негізі болған 30 қарызды бірлесіп іріктегенін нақтылады.

Аbctv.kz-пен болған әңгіме барысында "Цеснабанк"-тің басқарма орынбасары Дмитрий Ли сатып алынған агроқарыздардың басым бөлігі (70%-ға жуығы) шетелдік валютада ұсынылғанын, демек теңгенің соңғы үш жылдағы девальвациясында проблемалық болуы мүмкін екенін айтты. Алайда активтерді ПКҚ атынан мемлекет толық номиналдық баға бойынша сатып алған.

Келісім Қазақстандық қор биржасында 450 млрд теңге ПКҚ-ның10 жылдық облигацияларын шығару арқылы қаржыландырылды. Ұлттық банк оған құнды қағаздарды сатып алушы ретінде қатысқаны белгілі болып отыр. Бірақ та оның қандай көздер арқылы қаржыландырылғаны әлі күнге дейін белгісіз. Ал ПКҚ болса тараптар арасындағы шекті келісімнің шарттарын "қызметтік қолдануға арналған" ақпарат деп, abctv.kz сұрақтарына жауап беруден бас тартты.

"Цеснабанк" маңыздылығы бойынша Қазақстандағы екінші банк, 1 қыркүйекте активтері 2,28 млрд теңге болған. Банктің несие қоржыны 1,8 трлн теңге, ал жеке және корпоративтік салымшылар алдындағы міндеттері 702 млрд және 789 млрд теңге. Банктің жыл басынан бергі таза табысы 19,5 млрд теңге болған.

ПКҚ – Қазақстан үкіметінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің еншілес құрылымы. ПКҚ-ның негізгі міндеті – проблемалық қарыздарын сатып алу арқылы екінші деңгейлі банктердің активтерін сауықтандыру бойынша шараларды іске асыру, стресті активтерді басқару және өз қызметін қаржыландыру үшін құнды қағаздарды шығару.

Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу