Ақшаның құнсыздануы бәсеңдей ме? Ұлттық банктің жаңа болжамы күтпеген өзгеріс әкелді

1356

2027 жылға арналған инфляция болжамы өзгеріссіз қалған. 

Ақшаның құнсыздануы бәсеңдей ме? Ұлттық банктің жаңа болжамы күтпеген өзгеріс әкелді Фото: inbusiness.kz

Ұлттық банк 2026 жылға арналған инфляция болжамын қайта қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2026 жылы инфляция 9-11% аралығында болады деп күтілуде. Бұған дейінгі болжам 9,5-11,5% деңгейінде болатын. Бұл инфляцияның нақты қарқынының оң динамикасына, тұтынушылық несиелеу көлемінің баяулауына және теңге бағамының нығаюына байланысты", – деді Ұлттық банк басшысы.

Бұл ретте 2027 жылға арналған инфляция болжамы өзгеріссіз қалған (5,5-7,5%). 

"Сыртқы инфляциялық қысымның тұрақталуы және Үкімет пен Ұлттық банк қабылдап жатқан шаралардың нәтижесінде 2028 жылы инфляция 5% деңгейіндегі көрсеткішке жақындайды деп күтілуде", – деп атап өтті Тимур Сүлейменов.

Айта кету керек, бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17% дейiн төмендеткенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу