Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге мүмкіндік берді

Камила Абдиева Камила Абдиева
3466

KASE банктік сектордың қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасының қатысушыларына қаржы есептілігін ұсынуды кейінге шегеруге жағдай жасады.

Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге мүмкіндік берді

Бағдарламаға қатысып жатқан еліміздің екінші деңгейлі банктері қаржы есептілігін ұсынуды кейінгі шегеруге мүмкіндік алды. Қазақстан қор биржасының (KASE) директорлар кеңесі 26 қыркүйек күні дәл осындай шешім шығарды.

Тиісті толықтырулар "Листингілік ережелер" атты биржаның ішкі құжатында 25 қыркүйек күні бекітіліп, келесі күні күшіне енді. Онда аудиторлық есепті, аудиторлық ұйымдардың есебін ұсыну уақытын шегеру мүмкіндігі қарастырылған.

Ұлттық банк - KASE-нің ірі акционерлерінің бірі. Акциялардың бақылау пакетінің 50,1%-ы осы банкке тиесілі. Сонымен қатар банк Қазақстан банктерінің қаржылық тұрақтылығы бағдарламасының жүзеге асырылуына жауапты. Материалды жазу барысында биржа өкілдері қабылданған шешімге қатысты abctv.kz-ке пікір білдірген жоқ.

Бағдарламаның басты бенефициары ретінде Ұлттық банктен 15 жылға жеңілдетілген мөлшерлемемен (мөлшері әлі күнге дейін айтылған жоқ) несие алатын және қазынашылық облигациялардағы құжаттарды қайта инвестициялайтын банктер ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік бюджет те басты бенефициар бола алады. Бұған дейін өкілдер қолдау мөлшерін 0,5 трлн теңгеге бағалаған еді. Алайда соманы түрлі бағытта реттеуге болады. 

Бағдарламаның мәтінінде банктік жүйедегі жұмыс істейтін несиелердің әлеуетті мөлшері несие портфелінің 25%-ын құрайды делінген. Бағдарламаның шарттары бойынша банктер реттеушіден акционерлердің капиталдандыру сомасынан екі есе арақатынасында ақша алады. Соманың қалған 2/3 бөлігін Ұлттық банк фискалдық тұрақтылықты арттыру жоспарын орындамаған жағдайда акцияларды айырбастауға құқығы бар субординацияланған облигацияларды сатып алу арқылы береді.

Бұған дейін аbctv.kz мемлекеттік қолдауға ие болатын әлеуетті қатысушылар туралы жазған болатын. Содан бері оған қатысуға қазір несиелік портфельдің сапасы мен өтімділігіне қатысты мәселелерді бастан кешіп отырған Bank RBK ғана ниет білдірген. S&P сарапшыларының пікірінше, банк бағдарлама аясында бөлінетін қаржының жартысына жуығын игеруі мүмкін.

"АТФ Банк" АҚ-да бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Бұл қатарға "Цеснабанк" АҚ-да қосылуы мүмкін.

Еркебұлан Қыздарбек, Камила Әбдиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу