Ұлттық банк қаржы министрлігіне құнды қағаздар шығарылымын қысқартып әрі ірілендіруді ұсынды

2891

Қазақстанның Ұлттық банкі банкаралық және құнды қағаздар нарығында нарықтық индекстер мен индикаторларды қалыптастыруды қамтамасыз етуді көздеп отыр, деп мәлім етті Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев.

Ұлттық банк қаржы министрлігіне құнды қағаздар шығарылымын қысқартып әрі ірілендіруді ұсынды

Аталған шаралар Ұлттық банк пен үкіметтің 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын түзету туралы келісім жобасында қарастырылған.

"Экономиканы қорландырудың қолжетімділігі міндеттерін іске асыру барысында институционалдық инвесторларға, шұғыл және жинақтық депозиттер нарығын дамытуға ерекше мән берілетін болады. Бағаны қалыптастырудың тиімділігін арттыру үшін банкаралық және құнды қағаздар нарығында нарықтық индекстер мен индикаторларды қалыптастыруды қамтамасыз етіледі", - деді Ерболат Досаев сейсенбі күнгі үкімет отырысында.

"Мемлекеттік құнды қағаздар нарығын дамытуға қатысты міндеттерді іске асыруда Ұлттық банк қысқамерзімді тәуекелсіз табыстылық ауытқымасын қалыптастырады. Табыстылық ауытқымасының орташа және ұзақ мерзімді сегменттерін жасау үшін қаржы министрлігіне өзінің құнды қағаздарын шығаруды ірілеуді және қысқартуды ұсынамыз", – деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, мемлекеттік құнды қағаздарды дамушы елдердің халықаралық жаһандық индекстеріне қосу бойынша жұмыс жүргізіледі. Ал бұл шетелдік инвестициялар тартуға және қарыз алудың құнын төмендетуге мүмкіндік бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу