Ұлттық банк: өтімділік өсуде, бірақ банктер несие беріп жатқан жоқ

12047

2016 жылдың басынан бастап тек шағын бизнесті ғана несиелеу өсуде және оның өзі тек мемлекеттік қолдаудың арқасында ғана болып отыр. 

Ұлттық банк: өтімділік өсуде, бірақ банктер несие беріп жатқан жоқ

Ұлттық банк мәліметі бойынша банк жүйесіндегі депозиттердің өсімі 2016 жылдың алты айында 5,3%-ға, яғни (846,2 млрд тенге) 16,8 трлн. теңгеге дейін өсті.

Шетелдік валютадағы депозиттер үлесі өзінің 2016 жылдың қаңтарындағы  69,9% максималды мәнінен маусым айының қорытындысы бойынша 57,6%-ға төмендеді. Жеке тұлғалардың депозиті бойынша долларизация деңгейі 2016 жылдың қаңтарында 80,41%-дан 67,5%-ға төмендеді. Заңды тұлғалардың депозиті бойынша теңгелік және валюталық бөлік арасында тепе-теңдік (тиісінше 49,5% және 50,5%) байқалады.

"Халықтың айналым бағамына қатысты оң көзқарасы айырбастау пункттері арқылы долларды қолма-қол сатуымен көрінеді. Сөйтіп халыққа таза-сатылым көлемі осы жылдың ақпанынан маусымы арасында шамамен бір миллиард АҚШ долларын құрады",- деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ғалымжан Пирматов үкіметтің селекторлық кеңесте.

Ол бұдан әрі экономиканы несиелеуді жандандыру үшін теңгелік салымдардың үлесін арттыруды банктердің теңгелік қорландырулары қамтамасыз ететінін атап кетті. Оның айтуынша, дәл қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктердегі қысқа мерзімді өтімділік көлемінің көп болуы несиелеудің өсуін арттыруға әкелмеген, керісінше, ол баяулаған.  Экономиканы несиелеу ағымдағы жылдың басынан өзгермей, маусым айының соңында  12,5 трлн. теңгені құраған. Сонымен бірге , несиелеудің шамалы өсу қарқынын ауыл шаруашылығы  (8,6%-ға) және құрылыс (2,7%-ға) көрсетіп отыр деді Пирматов мырза.

Мұндай жағдайда қаржылық реттеуші айналым бағамын бұрынғы деңгейде ұстау үшін ақша нарығында теңгелік өтімділіктің артықтығын алу бойынша операцияларды белсенді жүргізуге мәжбүр. Сонымен бірге, өткен аптада Ұлттық банк осы жылға тағы да базалық мөлшерлемені 13%-ға дейін түсірді, яғни ЕДБ үшін теңгелік өтімділікті одан әрі арзандатты.  Halyk Finance инвестициялық компанияның аналитиктері атап көрсеткендей, бұл экономикалық өсуді ынталандыру тарапына Halyk Financ-та инфляцияны ұстап тұруда үкімет басымдылығының араласуы деген сөз.

"Бұдан әрі базалық мөлшерлеме бойынша әрекеттер инфляция бойынша нақты мәліметтерге, олардың болжамнан ауытқуы, халықтың және нарыққа қатысушылардың инфляциядан күтетіндері, сонымен қатар экономика субъектілерінің  валюталық артықшылықтарына  тәуелді болады",- деп атап көрсетті Пирматов мырза.

Ұлттық банк 2016 жылдың соңына мақсатты дәліздің 6-8%-ды жылдық инфляция болжамын сақтап отыр және келесі жылдың соңына дейін осындай диапазонды күтеді.

Саян Абаев 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу