Ұлттық банк RBK акционерлерінен қаржылық қолдау жоспарын талап етуде

3114

Банк иелері банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасына қатысудан бас тартты.

Ұлттық банк RBK акционерлерінен қаржылық қолдау жоспарын талап етуде

Ұлттық банк Bank RBK АҚ-ға және оның ірі акционерлеріне қатысты шектеу және мәжбүрлеу шараларын қабылдады деп 17 қазан күні қаржылық реттеушінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.

Шектеу шаралары банкті қаржылық қолдауды қамтамасыз ету шараларының жоспарын талап етеді, – деп жазды Ұлттық банк тарапынан жауап алған агенттік. Осы арада маусым айында реттеуші банктің өтімділік көрсеткішін қолдау үшін 150 млрд теңге мөлшерінде кепілмен қамтамасыз етілмеген  арнайы қарыз бергенін айтып кету керек.

Сейсенбі, 17 қазан күні, агенттік банк күнделікті шоттар мен депозиттерден қолма-қол ақша беруді тоқтатқанын хабарлады. Сонымен бірге, 4 қазан күні банк иелері акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында (АКЖЖ) Ұлттық банктің әзірлеген банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасына қатысудан бас тартуға дауыс берді. Ал акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі 12 қазан күні банктің корпоративтік сайтында жарияланған.

Банктің байланыс орталығы abctv.kz-ке клиенттердің ақшасын беруді тоқтатуға байланысты түсініктеме бермейтінін айтып, банк филиалдарына хабарласуды ұсынды. Банктің бірнеше клиенті abctv.kz-ке Bank RBK-дан өз қаражаттарын өткен аптадан бері ала алмай жүргендерін айтқан. 16 қазан күні банк  POS-терминалдар арқылы қолма-қол ақшасыз операциялар бойынша  cash-back жоғарылатылған есептеу бойынша акцияны мерзімінен бұрын тоқтатты.

Бұдан бұрын, 11 қазан күні, банк ірі акционер Владимир Ким акционерлермен және реттеушімен, сондай-ақ Қазақстан үкіметімен бірлесе кешенді шараларды жасау туралы келіссөз жүргізуге ұсыныс жасағанын банк хабарлаған еді. Ұсынысқа банкті қосымша қаржыландыру, қосымша өтімділікті қамтамасыз ету, бизнес-модельді және проблемалық қарыздармен жұмысты жетілдіру мәселелері кіреді.

Дегенмен акционерлердің реттеушіден мемлекеттік қолдау алғысы келмей отырған және банкті қаржылық тығырықтан шығару жоспарының болмауы банк жұмысын бастапқы режимде қалыпқа келтіреді деген үмітті оятады.

Bank RBK активтері бойынша Қазақстандағы тоғызыншы орында тұр.  1 қыркүйекте банктің жеке және заңды тұлғаларының депозиті 588 млрд теңге және 205 млрд теңге болған. Ал банктің жалпы міндеттемесі 920 млр теңге. 

Қазақстан қор биржасының 2017 жылдың 1 қазанындағы мәліметі бойынша, банктің ең ірі акционерлерінің бірі – "Инвест-Қор" ЖШС (20,47%). Бұл серіктестік "ҚР Тұңғыш президенті – Елбасының қорына" тиесілі. Ал екінші ірі акционер – Фарид Лихудзяев, оған банк акцияларының 10,24%-на ие.

Қазақстанның кепілді салымдар жүйесі жеке тұлғалардың депозиттегі және күнделікті шоттағы, төлем карталарындағы ақшасына қатысты болады. Салымдарға кепілдік берудің теңге және шетелдік валютадағы ең көп сомасы  10 және  5 млн теңге.

Салымшылардың ақшасы 14 жұмыс күн ішінде (соттың банктің мәжбүрлі өтімділігі туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап) қайтарылады. Тексеру есебіне сәйкес, "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ активтері 2016 жылдың қорытындысы бойынша 580 млрд теңгеден асқан.

Гүлназ Ермағанбетова, Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу