Ұлттық банк валюталық интервенцияға 1 млрд доллар жұмсаған

336

Бүгінде интервенция жүргізу тоқтатылды.

Ұлттық банк валюталық интервенцияға 1 млрд доллар жұмсаған Фото: Ұлттық Банк

Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамын ұстап тұру үшін жүргізілген интервенцияларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"16 қарашадан бастап интервенциялар жасадық. Соған 1 млрд доллар жұмсалды. Бұл нақты көрсеткіш", – деді Ұлттық Банк төрағасы. 

Бүгінгі таңда Ұлттық Банк интервенцияны тоқтатты. Бағам нарықтық факторлардың әсерінен қалыптасатын болады.

Айта кету керек, осыған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтергенін жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу