Ұлттық банк зейнетақыларды басқарудан айлық рекордтық комиссия тапты

2574

Қазан айының қорытындысы бойынша инвестициялық кіріс инфляцияны 2,4 есе басып озса, ал қазан айында салымшылардың шотына үлестірілген табыстың 40%-дан астамы бағамдық айырмашылыққа тиесілі.

Ұлттық банк зейнетақыларды басқарудан айлық рекордтық комиссия тапты

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ның активтері қарашаның басында 9 трлн теңге, нақтырақ айтсақ, 9,04 трлн теңгеге жетті. Салымшылардың шоттарына үлестірілген инвестициялық кіріс 765,2 млрд теңге болды. Активтердің кірістілігі жыл басынан бері 8,86%-ға жетті, бұл ресми инфляциядан 2,4 есе көп деп, қордың ай сайынғы инвестициялық қызмет нәтижелері туралы есепте көрсетілген.

Қор активтерін басқарып отырған Ұлттық банктің былтыр 39,6 млрд теңге және 2017 жылғы 46,7 млрд теңгеге қарағанда 49,7 млрд теңге сыйақы төлегені аса қызығушылық тудырады. Комиссиялық төлемдер құрылымында зейнетақы активтері сыйақысы үлесінің едәуір төмендегені (бір жыл бұрынғы 15,3 млрд теңгеге қарағанда 11,95 млрд теңге) және инвестициялық кірістің (1,5 есе) қарқынды өскені (бір жыл бұрынғы 24,3 млрд теңгемен салыстырғанда 37,8 млрд теңге) байқалады.

Бір айта кетерлігі, қазан айында басқарушылар инвестициялық кіріс бойынша соңғы үш жылда болмаған айлық рекорд – 9 млрд теңге табыс тапқанын жариялап отыр. Бір айда аударылған инвестициялық кіріс 102,2 млрд теңге болған, бұл соншалық көп деуге келмейді. Айтпақшы, биылғы жылдың тамызында инвестициялық кіріс 170 млрд теңге, ал инвестициялық кірістен түскен комиссиялық сыйақы 6,7 млрд теңге болғанын БЖЗҚ есебінен көруге болады.

Қазан айындағы нәтижеге қайта келер болсақ, 102,2 млрд теңге кірген кірістің 42%-ы (42,9 млрд теңгесі) – бағам айырмашылығынан тапқан табыс, тағы 50%-ы (51 млрд теңге) – құнды қағаздар бойынша пайыздар мен сыйақылардан түскен. Қараша айының басында қор активтерінің 31%-ы шетелдік валютада ұсынылған, оның басым көпшілігі доллармен (2,76 трлн теңге) ұсынылған. БЖЗҚ-ның долларлық активтерінің теңгелік баламадағы өсуі жыл басынан бері 31%-ды құраған.

Сонымен қатар есептік айда Қазақстан МҚҚ-сына инвестиция салу 3,3 пайыздық көрсеткішке (жарна 77 млрд теңге болғанда 375 млрд теңге) қарқынды өсіп, зейнетақы қоры активтерінің 50,2%-ына дейін өскен. Бұл негізінен Ұлттық банктің дисконттық ноталарын сатып алу есебінен өсіп отыр. Жалпы БЖЗҚ активтеріндегі борышкерлік құралдарды жабудағы орташа есептелген кірістілік 6,9%-дан 1 қарашада 7%-ға дейін өсті, құрылымдағы өсу долларлық қағаздар есебінен 3,9%-дан 4,2%-ға өсіп отыр.

Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу