Ұлттық банк қай өңірлерде инфляция күрт өскенін айтты

452

Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласында тіркелді. 

Ұлттық банк қай өңірлерде инфляция күрт өскенін айтты Фото: inbusiness.kz

Желтоқсанда елде жылдық инфляция жеделдеп, 8,6% болды (қарашада – 8,4%). Жылдық инфляция 10 өңірде жеделдеді, 9 өңірде баяулап, 1 өңірде өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Желтоқсанда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 5,5%-ға дейін жеделдеді (қарашада – 5,4%). Осы топтағы тауарлар бағасында максималды өсім Жетісу облысында (7,9%), минималды өсім Түркістан облысында (3,0%) тіркелді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 8,3%-ға дейін үдеді (қарашада – 8,0%). Ең жоғары мән Түркістан облысында (13,2%), ең төменгі мән Павлодар облысында (5,3%) тіркелді.

Желтоқсанда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 13,3% болып бұрынғы деңгейде сақталды (қарашада – 13,3%). Сонымен қатар баға Астана қаласында (16,9%) жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Түркістан облысында (9,5%) айтарлықтай төмен өсті.

Желтоқсанда ел төңірегінде айлық инфляция 0,9%-ға өсті, бұл – бұрынғы орташа мәнінен жоғары (2017-2021 жылдардағы желтоқсанда – 0,7%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу