Ұлттық банктің алтын-валюта резерві 2,1 млрд долларға төмендеген

Мұнай бағасы ішкі валюта нарығын шайқап тұр. 

Ұлттық банктің алтын-валюта резерві 2,1 млрд долларға төмендеген

Парламент Сенатында 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобаларын талқылауға қатысқан Ұлттық банк төрағасының орынбасары Мадина Әбілқасымова елдің алтын-валюта резервінің неліктен төмендегенін түсіндірді.

"Мұнай нарығы ішкі валюта нарығындағы жағдайға қысым көрсетуде. Қыркүйек-қазан аралығында мұнай бағасы 57,7 АҚШ долларынан 69 долларға дейін өзгерді. Осы кезеңдегі теңгенің АҚШ долларына деген бағамы 385,27 теңгеден 390,12 теңгеге дейін құбылды. Банктердің валюта айырбасын өтеуі және валютадағы шоттардың шетелге кетуі салдарынан Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 6,8%-ға немесе 2,1 млрд долларға төмендеп, 28,8 млрд долларды құрады. Бұған халықаралық резервтер мен Ұлттық қордың 59,4 млрд доллар мөлшеріндегі активтерін қоссақ, жалпы қор 88,2 млрд доллар болады", – деді Мадина Әбілқасымова.

Оның айтуынша, мұнай мен газ конденсатының экспорты төмендеуі де  қаржылық жағдайға тікелей әсер етіп отыр.

"Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемінің 44,3 млн тоннаға, яғни дейін 2%-ға төмендеуі салдарынан экспорттың өсу қарқыны баяулап тұр. Ал қайта өңделетін тауарлардың оң серпіні байқалады. Мұндағы өсім 8,7%-ға артып, 1,8 млрд долларға жетті. Әсіресе, азық-түлік тауарлары, химия өнеркәсібінің өнімдері, машиналар және жабдықтарға сұраныс артқан. 2019 жылғы бірінші жарты жылдығында табиғи газ, мырыш, уран экспортты қарқынды өсім көрсетті", – деді Ұлттық банк өкілі .

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу