Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы қашан және қайда көрсетілетінін хабарлады.
"Бүгін сағат 11.00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысады. Шара барысында мемлекеттік басқару реформасы, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу, балалардың құқықтарын қорғау, ерекше мұқтаждығы бар адамдарды қолдау және т.б. мәселелер қаралады. Отырыс Президенттің Баспасөз қызметінің Фейсбуктегі AkordaPress парақшасында көрсетіледі", – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Есжан Ботақара
Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!