Бұл туралы депуттардың сауалына жауап берген Жоғарғы есеп палатасының төрайымы Наталья Годунова мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.
"Жоғарғы есеп палатасы мемлекеттік аудитті тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырады. 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, сондай-ақ жұртшылық көтерген ең өзекті мәселелерді ескере отырып қалыптастырылды. Тек тоғыз тексеру тобының болуына байланысты 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінің жобасын толықтыру мүмкін емес. Сондай-ақ, алдағы жылға арналған жұмыс жоспарының 28%-ы мемлекет басшысы мен оның әкімшілігінің тапсырмасы бойынша жүргізілген тексерулерге тиесілі", – деді Годунова Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере отырып.
Айта кетейік, бұған дейін депутаттар "квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражатын бактердің депозиттік шоттарына сақтау қаншалықты дұрыс" деген сауал қойып, салаға аудит жүргізу керек деген бастама көтерген.
"Қазіргі таңда 2023 жылға арналған тізімде жылу энергиясының тиімділігіне аудит жүргізу, орта білім мен денсаулық сақтау, автомобиль және агротехника, көші-қон, қорғаныс және әскери қауіпсіздік салаларындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары, сондай-ақ бірқатар өзекті мәселелер жоспарлануда. Депутаттардың ұсынысы келесі аудит нысандары тізімін бекіту кезінде ескеріледі.", - деп сендірді Годунова.