2018 қаңтар-қазан аралығында республикалық бюджетке салықтық түсімдер шамамен 6,4 трлн теңге болды.Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 17,1% артық.
Алматы аталған уақытта республикалық бюджетке 1,5 трлн теңге, Атырау облысы 1 трлн теңге, Астана 848,4 млрд теңге аударды.
Маңғыстау облысы 327,5 млрд теңге, Қарағанды облысы 321,1 млрд теңге, Алматы облысы 309,4 млрд теңге, Ақтөбе облысы 291,7 млрд теңге, ШҚО 243,9 млрд теңге, БҚО 241,5 млрд теңге, Павлодар облысы 216,2 млрд теңгеге толтырды.
Түркістан облысы 211,6 млрд теңге, Қостанай облысы 127,7 млрд теңге, Ақмола облысы 123,2 млрд теңге, Қызылорда облысы 105,1 млрд теңге, Жамбыл облысы 66,8 млрд теңге, СҚО 62,2 млрд теңге, ал Шымкент 26,2 млрд теңге аударды.
Ал Ұлттық қорға 2018 жылдың қаңтар-қазан аралығында 2,3 трлн теңге түсті. Бұл өткен жылдың он айымен салыстырғанда 59,2% артық.
Ұлттық қорға ақша аудару жағынан алғашқы орында Атырау облысы. 2,3 трлн теңгенің 1,1 трлн теңгесі Атырау облысынан аударылды.
Батыс Қазақстан облысы 501,9 млрд теңге, Маңғыстау облысы 380,4 млрд теңге, Қызылорда облысы 119,1 млрд теңге, Ақтөбе облысы 110,7 млрд теңге жөнелткен.
Астана болса 43,2 млрд теңге, Түркістан облысы 7,9 млрд теңге, Алматы 6,5 млрд теңге, ШҚО 3,8 млрд теңге, а Алматы облысы 140,3 млн теңге жіберді.
Жамбыл облысы өз кезегінде 11,2 млн теңге, Ақмола обылсы 6,9 млн теңге,Қарағанды облысы 4,3 млн теңге, СҚО 2,2 млн теңге, Павлодар облысы 235 мың теңге аударған.
Қостанай облысы мен Шымкент қаласынан қаражат түскен жоқ.
Осылайша, былтырғы он айда мемлекеттің "табысы" 6,8 трлн теңге болса, биыл бұл көрсеткіш 8,7 трлн теңгеге жетті.
Бауыржан Мұқан