Ұлттық қор ұлғайды

Қазақстанның халықаралық резервтері 105 млрд долларға жетіп отыр. 

Ұлттық қор ұлғайды Фото: canva.com

Мұны Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мысалға келтірді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Қарашаның нәтижесі бойынша жалпы халықаралық резервтер жыл басынан бері 9,5 пайызға өсіп, 105 млрд долларды құрады. Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері жыл басынан 23 пайызға артып, 44,2 млрд долларға жетті, – деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның сөзінше, Ұлттық қордың активтері жыл басынан 1,3 пайызға ұлғайып, 60,8 млрд долларды құраған. Қорға түскен қаржы көп, республикалық бюджетке берілетін трансферттер көлемі де аз болмай тұр. 

– Жыл басынан қорға түскен қаражат сомасы – 3,7 трлн теңге, ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферттер көлемі 5,3 трлн теңге болды. Ұлттық қордың инвестициялық табысы 9,5 пайыз немесе 5,7 млрд долларды құрады, – деді Тимур Сүлейменов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу