Ұлттық қордан қосымша қаражаттың қайда бөлінетіні белгілі болды

Мәжіліс бүгін "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады.  

Ұлттық қордан қосымша қаражаттың қайда бөлінетіні белгілі болды Фото: canva.com

Заң жобасы республикалық бюджет параметрлерінің өзгеруіне байланысты әзірленіп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан Республикасының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына бюджет және Ұлттық қордың 2024 жылға арналған параметрлерінің болжамын нақтылау мақсатымен өзгерістер енгізілді. 

Трансферттер түспестен 2024 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің нақтыланған болжамы 14,1 трлн теңге сомасында айқындалған, бұл бекітілген болжамды жоспардан 2 трлн теңгеге аз. 

Атап айтқанда, салық түсімдерінің 3 триллион теңгеге төмендеуі, салықтық емес түсімдердің 1 триллион теңгеге, ал негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің 3,3 миллиард теңгеге артуы болжанып отыр. 

Сонымен, Ұлттық қордан түсетін нысаналы трансферт 2 трлн теңгеге ұлғайып, 3,6 трлн теңге алу жоспарланып жатыр. Қаражат өңірлік өсу деңгейін ұстап тұруға және ЖІӨ өсу қарқынының төмендеу тәуекелдері жағдайында әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу