Көлік министрі Марат Қарабаев Ұлттық қордан LRT құрылысына 52,4 млрд теңге ақша тартылғанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер "Ұлттық экономика вице-министрі Ұлттық қордан LRT құрылысына 52,4 млрд теңге тарттық деп отыр. Неге бірден қордан ақша тарттыңыздар? Инвестор тартуға болмас па еді?" деп сұрады.
"LRT-ның құрылысына біздің министрлік жауапты емес. Бұл мәселемен әкімдік айналысады. Көлік министрлігі болғандықтан, республикалықтан қаржы алу тетігінің бірі – министрлік арқылы алу. Сұрағыңызды түсіндім. Биыл аяқталуға тиісті (жобаға) қаржы қосымша бөлініп жатыр. Бірақ оның қай қаржы көздері, қандай инвесторлармен сөйлесті – оның бәрін жергілікті атқарушы орган жүргізді. Сондықтан ол жағынан мәліметім жоқ", – деді Марат Қарабаев.