Ұлттық қордан облигациялық қарыз берілмейтін болды

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
1858

Үкімет 2020 жылға қарай Ұлттық қордың көлемін 80 млрд долларға дейін жеткізбекші.

Ұлттық қордан облигациялық қарыз берілмейтін болды

Үкімет мемлекеттің қаржылық қорының жағдайына басқаша қарауға бел буып отыр. Бірінші кезекте бұл Ұлттық қорға қатысты болмақ. Енді үкімет Ұлттық қордан қарыз алуды қысқартып, керісінше оның активтерін өсіруді ойластырған жайы бар.

Соңғы он жылда үкімет Ұлттық қор қаражатын экономикадағы кез келген шаруаны тыңдыру үшін опыра пайдаланған болатын. Бүгінгі күні еліміздің бюджетіне түсетін кірістің 46%-ы нақ осы Ұлттық қордың трансферттері. Парламенттегі тыңдау барысында айтылғандай, "Теңгерімді және таза бюджет – елдің табысты және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының кепілі" деген сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай саясат нақты салдар әкелгенін, яғни үкімет "арқасын кеңге жайып" жібергенін атап көрсетті.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, Ұлттық қорды қалыптастырудың жаңа тәсілдері оның активтерін айтарлықтай өсіруге ықпал етуге тиіс. Егер 2016 жылы Ұлттық қордың валюталық активі 3%-ға төмендеп шамамен 61 млрд доллар болған болса, онда 2020 жылға қарай қор едәуір өсетін деген болжам бар.

"Жаңа тәсілдерді және мұнайдың базалық бағасын барреліне 50 доллармен есептей отырып Ұлттық қордың активтерін 2020 жылға қарай 80 млрд долларға дейін арттыру жоспарланып отыр", – деді министр.

Үкімет 2020 жылдан бастап кепілдендірілген трансферт мөлшерін қазіргі 2,8 трлн теңгеден 2 трлн теңгеге дейін төмендетуге уәде етті. Қазірдің өзінде алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет жобасында бұл төмендету есептелетін болады. Кепілдендірілген трансферт 2018 жылы 2,6 трлн теңге, 2019 жылы 2,3 трлн теңге, 2020 жылы тура 2 трлн теңге болады.

Ұлттық қор активтерінің сақталуы мен бір мезгілде табыс әкелуін қамтамасыз ету үшін жинақ қоржынын әртараптандыру саясатын жалғастырып, яғни 3-5 жыл ішінде консервативті бөлуден теңгерімді бөлуге көшпекші.

Сонымен бірге ұлттық экономика министрі үкімет квазимемлекеттік секторға Ұлттық қордан облигациялық қарыз беруге тыйым салғанын, енді мұнай операцияларды іске асыру мүмкін еместігін айтты.

Сондай-ақ Ұлттық қорды молайтатын қаражат көзі қайта қарастырылды, енді оған жер қойнауын пайдаланушылардан түсетін салықтан басқа республикалық және квазимемлекеттік сектор меншігіндегі нысандарды жекешелендіруден түсетін қаражат салынатын болады.

Сонымен қатар үкімет бюджет тапшылығын азайту жағын қарастыратын болды. Оны орташа мерзімді келешекте ЖІӨ-ге қатысты 1%-ға дейін сонымен бірге мұнай емес тапшылығын ЖІӨ-ге қатысты 7%-ға дейін төмендетуді жоспарлауда. Егер осы жоспар іске асатын болса, онда ел экономикасының сыртқы факторларға тәуелділігі және үкімет қарызына қызмет көрсету бойынша бюджетке түсетін салмақ азаяды.

Алайда мұның барлығы әзірге тек жоспар ғана. 2017 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылауда үкімет бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге қатысты 3,1%-ға тура екі есеге арттырды. Сонымен бірге қаржы министрлігінің болжамына сәйкес үкімет қарызының көлемі 2020 жылға қарай шамамен 11,9 трлн теңге немесе ЖІӨ-ге қатысты 20,6% болады. Яғни қарыз көлемі үш жылда 1,3 есеге артады.

Ирина Севостьянова 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу