Ұлттық қордың қаржысы 2020 жылы 90 млрд долларға жете ме

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
24089

Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 2,4%, Ұлттық қордың активі 1,9%-ға кеміді.

Ұлттық қордың қаржысы 2020 жылы 90 млрд долларға жете ме

Қазақстанда осыдан 19 жыл бұрын болашақ ұрпақ үшін Ұлттық қор құрылды. Президенттің пәрменімен ондағы қаражатты келер күнге сақтап, қысылтаяң шақта ғана жұмсау туралы шешім қабылданды.  

Жасыратыны жоқ, әу баста жоғарыдағы талап сақталды. Ұлттық қордағы ақша 2000- 2014 жылдар аралығында тек өсім көрсетті. Нәтижесінде Ұлттық қордың резерві 77,2 млрд  долларға жетті. Бұдан кейінгі жылдарда Ұлттық қордың қаржысы азая берді. Себебі Үкімет қаржылық жағдайын жақсарту үшін екінші деңгейлі "дімкәс банктерге үсті-үстіне Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлді.

Қазір Ұлттық қорда 58,2 млрд доллар ақша жатыр. Ал әу бастағы жоспарда 2020 жылы Ұлттық қордың қаржысы 90 млрд долларды құрауы тиіс еді. Дәл қазіргі көрсеткіш тұрғысынан ой сабақтайтын болсақ, бұл арманға, арманға да емес, сағымға айналған меже болып тұр.

Қаңтар айының соңында Ұлттық қордың активі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ға кеміді. Айта кету керек, теріс көрсеткіш 2014 жылдан бері жалғасып келеді.

Өткен айда Ұлттық банктің алтын-валюта қоры да төмен тартты. Ол 2,4%-ға азайып, 30,6 млрд долларды құрады. Былтыр бұл көрсеткіш  31,3 млрд долларға тең еді.

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу