Ұлттық қорға қай облыс ақша аудармады

4508

Соңғы 3 айда Ұлттық қорға қанша қаржы бөлінгені белгілі болды. 

Ұлттық қорға қай облыс ақша аудармады

Қаңтар-наурыз айлары аралығындағы кіріс көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56,2%-ға артық болды. Ал соңғы 3 айдағы салықтан түскен табыс 55,5%-ды құрады.

Ұлттық қордың қазынасын толтыруға әдеттегідей Атырау облысы ерекше үлес қосты. Мұндағы ірі кәсіпорындар мен өндіріс орындары Ұлттық қорға 351,4 млрд теңге аударды. Екінші орынға Батыс Қазақстан облысы орналасты. Мұнайлы мекен 3 айда Ұлттық қорға 172 млрд теңге жөнелтті. Ал Маңғыстау облысы 97,5 млрд, Ақтөбе облысы 31,1 млрд,  Қызылорда облысы 29 млрд теңге қиып берді.

Нұр-Сұлтан қаласы ұлттың болашағы үшін жиналып жатқан қаржыға 25,7 млрд, Алматы 2,7 млрд, Түркістан облысы 1,9 млрд, Шығыс Қазақстан облысы 11,4 млрд теңге қосты.

Ұлттық қорға  Жамбыл облысы 2,8 млн,  Қарағанды облысы 1 млн,  Ақмола  облысы 1 млн, Павлодар облысы 471 мың, Шымкент қаласы 349 мың, Қостанай облысы 50 мың теңге жіберген.  Ал Солтүстік Қазақстан облысы 2019 жылдың I тоқсанында Ұлттық қорға ақша аудармаған.  

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу