Ұлттық құрама боксшылары абыроймен елге оралды

1300

Ұлттық құраманың боксшылары 28 желтоқсанда Қазақстанға оралды. Бангкоктан бас бапкер Мырзағали Айтжановтың басшылығымен команда Алматы халықаралық әуежайына қонды, содан кейін құраманың бір бөлігі Астанаға ұшып келді.

Ұлттық құрама боксшылары абыроймен елге оралды Фото: kfb.kz

Байрақты бәсеке 18-26 қаңтар аралығында өтті. Тайланд төрінде шаршы алаңға шыққан былғары қолғап шеберлеріміздің 5-еуі (үшеуі ерлер және екеуі әйел) алтыннан алқа тақты. Санжар Ташкенбай (49 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Махмуд Сабырхан (57 келі), Жасмин Қизатова (70 келі) және Гүлсай Ержан (81 келі) өз салмақтары бойынша чемпион атанды. Сондай-ақ 3 күміс (ерлер) және 12 қола (бес ер және жеті әйел) жеңіп алды. Осылайша, 25 боксшының 20-сы медальге қол жеткізді. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Азия чемпионаты аяқталған соң Қазақстан бокс федерциясының президенті Кеңес Рақышев құрлықтық бәсекеде тамаша нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама боксшыларын жеңістерімен құттықтады. 

"Барлық спортшыларымызды, жаттықтырушылар штабын және осы бекзат спорттың жанкүйерлерін Ұлттық құраманың жоғары нәтижесімен құттықтаймын! Боксшылар үшін биылғы басты бәсеке – Ташкенттегі әлем чемпионаты және Қытайда өтетін жазғы Азия ойындары. Дәл осы жарыстарға Қазақстан бокс федерациясы мен Мәдениет және спорт министрлігі басымдық беріп, құраманың жұмысына жіті назар аударады", - деді өз сөзінде Кеңес Рақышев.

Бангкокта 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Айта кетейік, біздің боксшыларымыздың турнир жеңімпаздары Өзбекстан өкілдерімен жүлде саны бірдей (әрқайсысы 20 медаль). Жалпы, Тайландта құрлықтың 12 елінің боксшылары жеңіс тұғырына көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу