Ұлттық құрама боксшылары Әлем чемпионатына сақадай сай

899

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары әлем чемпионаты алдында оқу-жаттығу жиындарын өткізді.

Ұлттық құрама боксшылары Әлем чемпионатына сақадай сай Фото: kfb.kz

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы көктемде Ташкентте өтетін Əлем чемпионатына дайындалуда. Алматы облысындағы "Ақбұлақ" базасында 5 наурызда басталған жиынға Ұлттық құраманың барлық 88 өкілі жиналды. Сондай-ақ отандастарымыздан бөлек, мұнда Ұлыбритания, Əзірбайжан, Грузия мен Тəжікстаннан келген 60 боксшы шеберлік шыңдады. Жиын 17 наурызда аяқталды.

Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановтың сөзінше биыл шəкірттері үшін олимпиада жолдамасы сарапқа салынатын 2 ауқымды бəсеке бар. Алғашқысы – мамырда өтетін Əлем чемпионаты, екіншісі – Ханчжоуда болатын Азия ойындары.

"Біз жұмысты ақпанда бастап кеткенбіз. Қазір əлем чемпионатына тыңғылықты дайындық жүріп жатыр. Ақбұлақтағысы алғашқы кезеңі. Кейін Түркістан облысында арнайы жаттығу болады. Осыған дейін халықаралық жарыстарға алғашқы және төртінші номерлі боксшыларды жіберіп, сынақтан өткізіп көрдік. Қазір барлық көшбасшы боксшы бабында. Десе де кімнің шамасы неге жететінін тағы байқап көрмекпіз. 2001 жəне 2003 жылы дүниеге келген жастарды құрамға көптеп тартамыз", - деді Мырзағали Айтжанов.

Бокстан ерлер арасындағы Əлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді. Ал əйелдер арасындағы дүниежүзінің басты бəсекесі 14-26 наурыз күндері Үндістан астанасында болады. Шəміл Сафиуллин баптайтын бұрымды боксшылар барлық 12 салмақта сынға түседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу