Ұлттық құрама боксшылары Олимпиадаға дайындықты бастады

2835

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын бастады. Одан кейін боксшылар түрлі еуропалық турнирлерге аттанады. Ұлттық құрама көшбасшылары Олимпиада маусымын Испанияда бастауға дайындалып жатыр.

Ұлттық құрама боксшылары Олимпиадаға дайындықты бастады

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын бастады. Одан кейін боксшылар түрлі еуропалық турнирлерге аттанады. Ұлттық құрама көшбасшылары Олимпиада маусымын Испанияда бастауға дайындалып жатыр.

Оқу-жаттығу жиындарына барлығы 30 спортшы қатысады. Бұл арнайы санитарлық нормалар талабына сәйкес және барлық командалар осы қатаң талапты сақтауы керек. Боксшылар ПТР тест тапсырды және олардың барлығы теріс нәтиже көрсетті. Бұл толыққанды дайындықты еш қиындықсыз бастауға мүмкіндік берді. Ұлттық құрама жаттығу жиынын қарқынды өткізеді. Бұл боксшыларымыздың еуропалық турнирлерге дайындыққа бағытталған және жоспарланған жарыстар пандемияға байланысты тоқтағаннан кейінгі алғашқы халықаралық  сайыс болмақ.

Бұған дейін бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев әр сайысқа әр түрлі құрам шығады, барлығы жарыстарда тәжірибе жинайды деп мәлімдеді. Жақын арадағы сапарлардың бірі - Түркия, Болгария, Испанияда өтетін турнирлер. Көшбасшылардың басым бөлігі, Василий Левит пен Бекзад Нұрдәулетовті қоса есептегенде көшбасшылардың көбісі Boxam дәстүрлі жарысы өтетін Испанияда алдын-ала өнер көрсетеді. Толық тізім ақпан айының соңына дейін жарияланатын болады.

Айта кетейік, жаттықтырушылар құрамы қазіргі дайындыққа нақты түзетулер енгізулеріне тура келеді. Париждегі әлемдік іріктеу турнирі маңызды оқиғағалардың біріне айналуы керек еді. Алайда ол өтпей қалды. Себебі Халықаралық Олимпиада комитеті Париждегі жарысты өткізбеу туралы шешім қабылдады.

Сонымен, Олимпиадаға баратын құрамдағы лицензиясы бар спортшылар жаттығуды бастап кетті. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның ерлер құрамасында лицензиялардың толық жиынтығы бар: Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін), Серік Теміржанов (57 келіге дейін), Зәкір Сафиуллин (63 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін) , Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін), Бекзад Нұрдәулетов (81 келіге дейін), Василий Левит (91 келіге дейін), Қамшыбек Коңқабаев (91 келіден жоғары).

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу