Қазақстан құрамасы Дэвис кубогында Монакомен Астанада ойнайды

200

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы 6-7 ақпанда Астанада Монакомен кездеседі. 

Қазақстан құрамасы Дэвис кубогында Монакомен Астанада ойнайды Фото: ҚТФ

Бұл матчтар бірінші әлемдік топ аясында өтіп, ұлттық құрама элитадағы орнын сақтап қалу үшін сынға түседі.

Осыған байланысты Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Диас Досқараев алдағы ойындарға қатысты пікір білдірді.

– Барлық теннисші – кәсіпқой. Олар алға қойылған міндетті жақсы түсінеді. Өз алаңымызда ойнаймыз, сондықтан жанкүйерлердің күтілімі жоғары. Әсіресе, Аустралиядағы жарыстардан кейін нәтиже күту күшейді. Бұл белгілі бір деңгейде қысым, алайда жігіттер оны спорттың бір бөлігі ретінде қабылдайды. Ең бастысы – күш-қуатты дұрыс бағытқа жұмсай білу, – деді Диас Досқараев ҚТФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Кездесулер Астанадағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында өтеді. Турнир бағдарламасына төрт жекелей матч пен бір жұптық кездесу енгізілген.

Қазақстан құрамасы сапында Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және Денис Евсеев өнер көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу