Ұлттық құрама хоккейшілері Әлем чемпионатына дайындықты бастады

1084

2023 жылдың 26 ​​қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Болгарияның София қаласында екінші дивизионның "В" тобында 18 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионаты өтеді.

Ұлттық құрама хоккейшілері Әлем чемпионатына дайындықты бастады

Қазақстан ұлттық құрамасы Исландия, Жаңа Зеландия, Болгария, Бельгия және Эстония елдерінен келген қарсыластарымен ойнайды. 20 қарашада Өскеменде Қазақстанның 7 қаласынан ұлттық құраманың негізгі құрамынан орын алу үшін 26 үміткер жиналды. Алдын ала қарауда 22 алаң ойыншысы мен 4 қақпашы бар. Турнирге жалпы әр командадан 20 хоккейші - 18 алаң ойыншысы және екі қақпашы қатысады. Оқу-жаттығу жиындары 30 қарашада аяқталады.

Осы орайда хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасының бас менеджері Виктория Сазонова оқу-жаттығу жиынының қалай өтіп жатқаны туралы айтып берді.

Жаттығулар қатаң режимде өтуде. Бірінші күні мұз айдынында 1,5 сағаттан екі жаттығу, келесі күні – мұз үстіндегі жаттығу және кешкі жолдастық ойын болды. Бүкіл онкүндік лагерь осы жоспармен өтеді. Сенбі демалыс болса да, оны тиімді өткізуді көздеп отырмыз. Біз ойын сәттерін, тактикалық жаттығуларды, қалпына келтіру әрекеттерін бейнежазбадан қайталап көруді жоспарлап отырмыз. Кейіннен талқылайтын боламыз. "Торпедо-2008" жастарымен ойнадық. Конькимен жүгіру жылдамдығы, төзімділігі, шешім қабылдау жылдамдығы бойынша жігіттерден кем түсіп, 0-11 есебімен жеңіліп қалдық. Бірақ біз үшін жылдамырақ қарсыласпен ойындар қажет. Өйткені мұндай ойындарда біз шабуылдарды тоқтатуды соққыларды блоктауды үйренеміз. Сондай-ақ "Торпедо-2010" командасымен жолдастық кездесу өткізуге дайындалып жатырмыз. Қазақстан хоккей федерациясы оқу-жаттығу жиындарын, жақсы спарринг серіктестерімен матчтарды өткізу қажеттігі туралы біздің барлық ұсыныстарымызды қолдады. Сондықтан ҚХФ-на оқу-жаттығы жиындарын жақсы деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтқым келеді, - деді В. Сазанова өз сұхбатында.

Қақпашылар: Вероника Агеева (Өскемен), Айымпатша Азаматқызы (Астана), Арина Павловская (Ақтөбе), Кира Прицкер (Алматы)

Шабуылшылар: Кристина Воицкая, Кира Крухольская (екеуі де Екібастұз), Алина Жакулина, Анна Климова (екеуі де Қарағанды), Алина Животовская, Мадианна Нүсіпова, София Раковская, Зере Тілеш, Шолпан Тоққожа, Анастасия Филимонова (барлығы Алматы), Софиатаев Ветта Пивен (Өскемен)

Қорғаушылар: Ольга Воробьева, Әмина Маратханқызы, Вероника Халикова (барлығы – Алматы), Медина Кишекеева, Радмила Тен (екеуі де – Ақтөбе), Екатерина Мескини, Дарья Хохлова, Полина Яковлева (барлығы – Өскемен), Нұрайым Сейкқызы (Астана), Умрихин (Қарағанды)

Бас-менеджер: Виктория Сазонова

Бас бапкер – Мария Федоренко

Жаттықтырушы - Наталья Яковчук

Қақпашылардың жаттықтырушысы - Дарья Дмитриева

Әлем чемпионатына соңғы өтінімге 18 сырт алаң ойыншылары мен 2 қақпашы кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу