Ұлттық құрама ойыншылары Ресей біріншілігіне ауысты

2494

Дмитрий Шомко мен Алексей Щеткин Ресей премьер-лигасында өнер көрсететін "Ротор" командасына ауысты.

Ұлттық құрама ойыншылары Ресей біріншілігіне ауысты

Матчтар мен нәтижелі пастар саны бойынша "Астана" клубының рекордшыларының бірі Дмитрий Шомко мансабын Ресей премьер-лигасында жалғастыруға шешім қабылдап, "Астана" кетті. 30 жастағы қорғаушы командадан кеткеннен кейін "Астанаға" қатысты өз пікірін білдірді:

"Жарқын жеңістерімен, голдарымен, еурокубоктардағы керемет сәттерде "Астана" футбол клубының тарихында қалу мен үшін мақтаныш. Барлық жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Бірақ алға жылжитын уақыт келді. Ресей чемпионатына ауысу - бұл әлем чемпионатына арнап салынған керемет стадиондарда өнер көрсетуге мүмкіндік береді. Әрине, бұл мен үшін жаңа сынақ әрі өз күшімді басқа деңгейде сынап көру мүмкіндігі. Мен "Астанаға" ішкі және еуропалық аренадағы өз позициясын қалпына келтіруіне тілектеспін", - деді қорғаушы.

Сонымен қатар, Дмитрий Шомкомен бірге "Астана" командасының жартылай қорғаушысы Иван Маевский де Волгоград қаласының басты командасына ауысты. Бұл жайында "Ротор" клубының бас бапкері Валентин Хацкевич мәлімдеді. Ал сонымен қатар бүгін Ресей сайты "Футбол на Куличках" Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткиннің де "Ротор" сапына келіп қосылғанын мәлемдеді. Щеткиннің де РПЛге ауысуы осыған дейін түрлі баспасөзде жазылып келді, алайда ақпарат бүгін ресми түрде клубтың сайтына шықты. Демек, Қазақстан құрамасының екі ойыншысы "Ротор" намысын қорғайды деген сөз. Айта кетуіміз керек екі футболшымыз да Мәскеуге келіп жетті.  Олар осында коронавируске байланысты тест тапсырып болған соң, Түркияның Белек қаласына аттанады. Онда "Ротор" оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Ал "Ротор" командасы 26 ақпан күні Ресей чемпионатының аясында "Томбов" командасымен кездеседі. Бұл ойын РПЛдің 20-тур ойынына жатады. Қазақстандық ойыншылардың су жаңа командасы Ресей біріншілігінде өнер көрсететін 16 команданың ішінде 13 орында келе жатыр. Олар әзірге небәрі 14 ұпай ғана жинаған. Волгорад ұжымының басты мақсаты премьер-лигадағы орынды сақтап қалу.

Айта кетуіміз керек, бұл команда сапында кезінде Владимир Нидергаус, Антон Шох, Андрей Жуненко, Александр Шмарко секілді қазақстандық футболшылар ойнаған болатын. Ресей чемпионатында осыған дейін Исламбек Қуат, Бахтиер Зайнутдинов, Акмаль Бақтияров, Марат Быстров секілді қазақстандық футболшылар өнер көрсететін. Енді міне, олардың қатары тағы екі футболшыға артып отыр. Бұл Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов үшін жағымды жаңалық екені анық.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу