Ұлттық құрама ойыншысы футболдан шеттетілді

2466

Айбол кәсіби футболға тек 30 жастан кейін қайта орала алады.

Ұлттық құрама ойыншысы футболдан шеттетілді

Қазақстан ұлттық құрамасының 26 ​​жастағы жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен төрт жылға спорттан шеттетілді. Бұл туралы Қазақстанның допингке қарсы орталығының ресми сайты хабарлады.

Әбікен допинг-тесттен Қазақстан құрамасының басқа ойыншыларымен бірге наурыз айының соңында Ұлттар лигасындағы Молдовамен болатын плей-офф матчы қарсаңында өткен еді. Сараптама нәтижесінен бейхабар болған 25 жастағы жартылай қорғаушы екі кездесуде де алаңға шығып, ұлттық құраманың жеңісіне өз үлесін қосты. Сәуірде Әбікен "Ақсу" сапында үш ойын қатарынан гол соқты. Ал мамыр айының басында оның қанынан тыйым салынған милдронат препаратының табылғаны белгілі болды. Енді Әбікен кәсіби футболға 2026 жылдың 29 сәуірінен кейін ғана, яғни 30 жасында қайта орала алады.

Айбол осы маусымның басында "Қайраттан" "Ақсуға" жалдау шарты бойынша ауысқан еді. Содан бері Премьер-лигада жеті матчқа қатысып, үш мәрте мергендігімен көзге түсті.

Айта кетейік, бұған дейін "Аль-Айнда" өнер көрсеткен Бауыржан Исламхан мен "Тобыл" қорғаушысы Руслан Валиуллин допинг дауына байланысты екі жылға футболдан шеттетілген болатын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу