Ұлттық құрама ойыншысы Польша чемпионатына ауысты

2721

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Польша чемпионатының клубына ауысты. 

Ұлттық құрама ойыншысы Польша чемпионатына ауысты

Алматылық "Қайрат" ойыншысы Георгий Жуков ресми түрде "Висла" Краков клубына ауысты. Ол клубпен келісім-шарт жасасып, жақын арада жаңа команда жейдесімен алаңға шығады. Қазақстан Ұлттық құрамасында 15 ойын өткізген Георгий Семей қаласының тумасы болғанымен, Бельгия футбол мектебінің түлегі. "Беерсхот" және "Стандард" клубтарында ойнағаннан кейін ол Голландияның "Рода" және ресейдің "Урал" командаларының да намысын қорғады. 

Алматылық "Қайрат" сапында үш маусым бойы тер төгіп, оның 4 пасынан кейін гол салынды. Георгий алматылық клубта үш жылда 88 ойынға қатысып, 6 голдың авторы атанған. Ал жалпы Қазақстан біріншілігінде 108 ойында 7 гол салыпты. 

- Мен "Висла" секілді атақты клубқа ауысқаныма ризамын. Қазір команда өзінің басынан керемет кездерін өткізіп жатқан жоқ. Дегенмен, мен клубқа бұрынғы даңқты кездерді қайтару үшін келдім. Командаға көмектесіп, жаңа белестерді бірге бағындырсам деймін, - дейді Г.Жуков. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу