18 қарашада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Фарер аралдары командасымен жолдастық ойында кездеседі.
Кездесу бейтарап алаңда, Хорватияның Пула қаласындағы "Алдо Дросина" стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 22:00-де басталады.
Бұл ойын Қазақстан құрамасы үшін биылғы соңғы матч болмақ. Ол 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында 15 қарашада Бельгия құрамасына қарсы үйдегі ойыннан 3 күннен кейін өтеді.
Алдағы матч Қазақстан мен Фарер аралдары құрамалары арасындағы төртінші ресми кездесу болмақ. Бұған дейінгі 3 ойында Қазақстан құрамасы 1 рет жеңіске жетіп, 1 рет тең ойнап, 1 мәрте жеңілді.