Ұлттық құрамамыз маусымдағы соңғы матчта жеңіліс тапты

76

Қазақстан құрамасы ойын соңында есепті теңестіруге талпынғанымен, шабуылдар нәтижесіз болды.

Ұлттық құрамамыз маусымдағы соңғы матчта жеңіліс тапты

Қазақстан ұлттық құрамасы маусымдағы соңғы жолдастық матчында Фарер аралдарына 0:1 есебімен есе жіберді. 

Қазақстан құрамасы ойынға мына құрамда шықты: Шайзада, Малый, Әліп (к), Қайров, Жұмат, Каримов, Жуков, Жагоров, Қасабұлат, Караман, Эльхан Астанов.

Кездесу бейтарап алаңда, Хорватияның Пула қаласындағы "Альдо Дросина" стадионында өтті. 25-минутта матчтағы жалғыз голды Петур Кнудсен соқты.

УЕФА талаптарына сәйкес, әрбір құрама жыл ішінде 10 матч өткізуі керек. Қазақстан осымен сегіз іріктеу кездесуін және Беларусьпен өткен жолдастық матчын (1:4) өткізді.

Осылайша, маусымдағы соңғы матчта ұлттық құрамамыз минималды айырмашылықпен қарсыласқа жол берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу