Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарушы Талғат Байсуфинов қазан айындағы Лихтенштейнге және Солтүстік Македонияға қарсы ойындарға шақырылған футболшылардың соңғы тізімін жариялады.
Қақпашылар: Стас Покатилов ("Сабах", Әзербайжан), Мұхамеджан Сейсен ("Астана"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Қажымұқан Төлепберген ("Оқжетпес").
Қорғаушылар: Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – "Ордабасы"), Әлібек Қасым, Бағдат Қайыров (екеуі де – "Ақтөбе"), Ян Вороговский ("Астана"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Наурызбек Жагоров ("Тобыл"), Сағи Совет ("Жеңіс"), Әділбек Жұмаханов ("Елімай"), Дінмұхаммед Кашкен ("Жетісу"), Арсен Әшірбек ("Оқжетпес").
Жартылай қорғаушылар: Дәурен Жұмат ("Оқжетпес"), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (екеуі де – "Жеңіс"), Рамазан Оразов, Алмас Төлеубай (екеуі де – "Елімай"), Ислам Чесноков ("Тобыл"), Бақтиер Зайнутдинов ("Динамо Мәскеу", Ресей), Муроджон Халматов ("Ордабасы"), Дамир Қасабулат ("Қайрат"), Георгий Жуков ("Ақтөбе").
Шабуылшылар: Артур Шушеначев ("Ақтөбе"), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Дастан Сәтпаев ("Қайрат"), Иван Свиридов, Ғалымжан Кенжебек (екеуі де – "Елімай").
Қазанда Қазақстан құрамасы екі матч өткізеді. 10 қазанда Астанада Лихтенштейнге қарсы, ал 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македониямен ойнайды. Екі кездесу де 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді. Үйдегі ойын – "Астана Аренада" сағат 19:00-де басталады.