Талғат Байсуфинов өзінің көмекшілерімен бірге Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншыларының физикалық жағдайы туралы мәліметтер базасын құру мақсатында ҚПЛ клубтарының ішінде ең алғаш болып шымкенттік команданың футболшыларын тестілеуден өткізді. Бұл туралы "Ордабасы" футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.
Ойыншыларға тест жүргізу жайлы ұлттық құраманың аналитик-бапкері Павел Черепанов пікір білдірді:
- Бүгінгі іс-шараның тапсырмасы – бұл осы кезеңдегі дайындықта ойыншылардың жылдамдықтары мен төзімділіктерін бақылау. Сол үшін де бастапқы нәтижелерді білу маңызды. Себебі, болашақта ойыншылар ұлттық құрама қарамағына келген сәтте, біз олардың көрсеткіштерін алдын-ала білетін боламыз. Ұлттық құрамаға шақырылуға үміткер ойыншыларға тестілеу міндетті түрде ары қарай жалғасатын болады. Барлық көрсеткіштерің динамикасын көрсету маңызды. Иә, бәлкім бұл кезеңдегі сандар жақсы да емес шығар, бірақ біз мұны тек дайындықтың бастамасы екенін білеміз. Бұл сандардың әлі де өсетініне шүбәм жоқ.
Ең жағымдысы – ол ойыншылардың бүгінгі күні өздері ие мүмкіндіктерінің барлығын жүз пайызға көрсетуі. Біз "Ордабасының" алғашқы команда болып тестілеуден өткеніне қуаныштымыз. Бұл Қазақстан футбол федерациясы мен бас бапкер Талғат Маруаұлының жеке бастамасы екенін айтып өткім келеді. Қазір біз ойыншылардың шеберлік деңгейі мен дайындығын бақылап отыру үшін, Қазақстанның барлық футболшыларына арналған банк ашқымыз келеді.
Біз U-17, U-18, U-21 командаларынан ұлттық құрамаға дейін сабақтастық болғанын қалаймыз. Мұндай іс-шараны біз көптеген жылдардан бері алғаш рет ұйымдастырудамыз және бұл ұлттық құрамаға ғана емес, клубтардың өздеріне де пайдалы болады деп сенеміз. Қазіргі сәтте "Қайраттан" басқа барлық клубтар бұл бастамаға қолдау білдірді. "Ордабасы" біздің кеңейтілген тізімдегі бірінші команда болғаны үшін клуб басшылығына алғысымызды білдіреміз.
Ермұхамед Мәулен