Ұлттық Олимпиада комитеті медиа белсенділік бойынша әлемдегі үздік үштікке енді

515

Әзербайжан астанасы Бакуде өткен цифрлық коммуникациялар және әлеуметтік медиа жөніндегі семинарда Ұлттық Олимпиадалық комитеттер қауымдастығы (ҰОКҚ) әлем елдері ҰОК-нің әлеуметтік желілерін зерттеу нәтижелерін жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық Олимпиада комитеті медиа белсенділік бойынша әлемдегі үздік үштікке енді Фото: azh.kz

Ұсынылған ақпаратқа сай, ANOC Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті 2024 жылғы Париж Олимпиадасын насихаттау кезінде әлеуметтік желілерде жоғары нәтижеге қол жеткізгенін анықтаған. 

Мәселен, Қазақстан әлемдегі барлық ҰОК арасында жазылушылар қызығушылығы бойынша 1,472% көрсеткішпен рейтингте екінші орын алды. Бірінші орынды Хорватия алды (1,582%). Ал рейтингтің үшінші сатысына 1,428% көрсеткішпен Венгрия жайғасты. 

Бұл ретте Қазақстан ҰОК пайыздық қатынаста жазылушылар санының артуы бойынша әлемдегі үздік он елдің қатарына енді – 53,8%.

Біздің ел сандық қатынаста әлеуметтік желілердегі жазылушылар санының артуы жөнінен анағұрлым жақсы көрсеткішке ие үздік 20 елдің қатарында тұр. 

Айта кетелік, Бакудегі семинар үш күнге жалғасты және оған Еуропа, Африка және Азия елдерінің ҰОК өкілдері қатысты. 

Шарада 2024 жылғы Париж Олимпиадасын өткізу кезінде медианы тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу