Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Азия ойындарының ашылуына қатысты

1240

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ Жазғы Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Азия ойындарының ашылуына қатысты Фото: olympic.kz / © Sabirov Sali

Салтанатты шара 80 мың адамға шақталған Үлкен Лотос аренасында өтті. Азия ойындарын ресми түрде Қытай төрағасы Си Цзиньпин ашып берді. Еліміздің көк байрағын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Надежда Дубовицкая ұстап шықты.

"Азия ойындары құрлықтың ең маңызды оқиғаларының бірі болып табылады. Спорт қауымдастығы да бұл шараға ерекше назар аударады. Қытай Халық Республикасы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары мен Чэнду қаласында өткен Дүниежүзілік жазғы Универсиададан кейін қатарынан үшінші ауқымды доданы өткізіп жатыр. Бұл Қытайдың спортты дамытуға қаншалықты көңіл бөлетінін көрсетеді. 2022 жылғы Жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өте әсерлі өтті. Шара заманауи технологиялар мен соңғы техникалық жаңалықтарды қолдана отырып, жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Ұлттық құрама жеңіске жету жолында әдеттегідей ұйымшылдық танытты!", - деді Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев.

tengrinews.kz / Turar KAZANGAPOV

Дүбірлі додаға ұлттық құрама сапынан 524 спортшы (262 ер және 262 әйел) қатысқалы отыр. Олар спорттың 30 түрінен сынға түседі. Азия ойындарында 45 елден 12 500-ден астам спортшы 40 спорт түрінен 481 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу