Ұлттық валюта бағамының күшеюі ұзаққа бармайды – сарапшылар

Мамандардың инфляциялық болжамдары соңғы 5 жылдағы максимумға жетті. 

Ұлттық валюта бағамының күшеюі ұзаққа бармайды – сарапшылар

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2022 жылдың қазанында кәсіби сарапшылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелерін ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Зерттеу барысында қаржы нарығының кәсіби қатысушылары, банк, сақтандыру, брокерлік ұйым өкілдері, талдау және қазынашылық бөлім қызметкерлерінің пікірі зерделенді. Олар Brent маркалы мұнай бағасы, АҚШ долларының ресей рубліне қатысты бағамы, АҚШ долларының теңгеге шаққандағы құны, инфляция, ЖІӨ, ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесі бойынша кәсіби пікірлерін ортаға салды. 

Сарапшылар қауымдастығының бір жылдан кейінгі инфляциялық күтілулері орта есеппен 12,9%-ға дейін өсті (бұрын 12,5%), бұл 2017 жылдан бері ең жоғары көрсеткіш.

Осының аясында 26 қазандағы ҚР ҰБ отырысында базалық мөлшерлемеге қатысты одан әрі шаралар туралы сарапшылардың пікірлері екіге бөлінді. 50%-ы – мөлшерлеменің көтерілуін күтуде, 43%-ы – сақталады және 7%-ы – төмендейді деп есептейді. 

"Консенсустың болмауы бірнеше факторға байланысты. Бір жағынан, Халықаралық валюта қоры базалық мөлшерлемені көтеруді ұсынды, бірақ екінші жағынан, үкімет оны жақын арада төмендету бойынша жұмыс істеп жатқанын хабарлады", – деп хабарлады қаржыгерлер қауымдастығы. 

Сарапшылардың пікірінше, валюта бағамының қазіргі күшеюі ұзаққа бармайды.

Қараша айының басында USDKZT жұбының орташа бағамы бір доллар үшін 477,71 теңге (қазір 469,04), ал бір жылда 496,4 (бұрын 492) деңгейінде болжануда.

Валюталық күтулерге бірнеше фактор ықпал етті. Бұл негізгі сыртқы факторлардың өзгеруіне айырбас бағамының икемділігінің (сезімталдық) төмендеуіне байланысты болуы мүмкін.

"Сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасы алдағы 12 айда жоғары деңгейде сақталады, бұл ОПЕК+ нарықтағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігін сақтау бойынша жедел шараларына байланысты болуы мүмкін. Мұнайдың болжамды жоғары бағасы елдің ЖІӨ динамикасына әсер етеді. Сарапшылар бір жылда экономика 3,2%-ға (қазіргі уақытта 3,1%) өседі деп болжап отыр", – деп хабарлады Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу