Ұлы дала тарихын және Алтын Орда дәуірін терең зерттеп жатырмыз – Президент

126

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ұлттық сана-сезімді қалыптастыру және тарихи жадымызды жаңғыртуды маңызды міндет" деп санайды. 

Ұлы дала тарихын және Алтын Орда дәуірін терең зерттеп жатырмыз – Президент Фото: Александр Павский / Kazinform

Тиісінше, бұл бағытта көптеген жұмыс атқарылып жатқанын да сөз етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Мен де бұған дейін осы өзекті тақырыпқа байланысты біраз ойымды айттым. Біз төл мәдениетіміздің өрісін кеңейтіп, ұлт руханиятына өшпес із қалдырған дара тұлғалардың мұрасын дәріптеуге айрықша назар аударып отырмыз. Жұртымыздың жылнамасын түгендеп, Ұлы дала тарихын және Алтын Орда дәуірін терең зерттеп жатырмыз.

Биыл 22 жылға созылған үзілістен кейін Қазақстанның бірқатар киелі нысаны ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енгізілді. Бұл тізімге Маңғыстау облысындағы бірегей нысандар да енді.

Жаркент мешіті мен Вознесенск шіркеуі секілді екі бірегей ескерткіштің ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізбесіне алдын ала енгізілуі тағы бір маңызды қадам болды, – деді Президент.

Жалпы, сәулет өнерінің осынау жауһарлары – Қазақстанның мәдени әралуандығын паш етеді, сондай-ақ елімізде ғұмыр кешіп жатқан барлық этностың тарихына және рухани мұрасына ұқыпты әрі құрметпен қарайтынымызды айғақтай түседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу