Ұлыбритания АҚШ-қа қатысты батыл мәлімдеме жасады

Елдің премьер-министрі Кир Стармер АҚШ-тың Иранға қарсы соғысына Ұлыбританияны тартудан үзілді-кесілді бас тартты. 

Ұлыбритания АҚШ-қа қатысты батыл мәлімдеме жасады Фото: AP Photo / Adrian Dennis

Ол Америка көшбасшысы Дональд Трамп тарапынан қысым болғанын растап, өз ұстанымын өзгертпейтінін айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мұны премьер-министр Ұлыбритания парламенті алдында сөйлеген сөзінде мысалға келтірді. 
"Мен пікірімді өзгертпеймін. Шегінбеймін!" деп мәлім етті Стармер.

Премьердің айтуынша, оған көзқарасын қайта қарау үшін елеулі қысым жасалған. Осыған дейін Трамп Лондонның АҚШ-тың Иранға қарсы әскери әрекеттерін жеткілікті қолдамай отырғанын айтып, екі ел арасындағы сауда келісімін қайта қарау мүмкіндігін меңзеген еді. 

– Біз олармен жақсы сауда келісімін жасадық, тіпті мен ұсынуға міндетті болғаннан да тиімдірек. Бірақ оны әрдайым өзгертуге болады, – деген Трамп Sky News арнасындағы сұхбатында.

Стармер өз кезегінде бұл қақтығысқа араласу Ұлыбританияның ұлттық мүддесіне сай келмейтінін шегелеп айтты. 

– Бұл соғысқа қатысу біздің ұлттық мүддемізге сәйкес келмейді, сондықтан біз оған араласпаймыз. Бұл – біздің соғыс емес, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу