Еуроүштік АҚШ, Түркия, Қатар және Мысырға Газадағы күш-жігері үшін алғыс білдірді

302

Көшбасшылар Трамптың көшбасшылығын және елдер арасындағы дипломатиялық күш-жігерін жоғары бағалады.

Еуроүштік АҚШ, Түркия, Қатар және Мысырға Газадағы күш-жігері үшін алғыс білдірді Фото: Анадолы агенттігі

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, Франция президенті Эммануэль Макрон және Германия канцлері Фридрих Мерц АҚШ президенті Дональд Трампқа, сондай-ақ Түркия, Қатар және Мысыр елдеріне Газадағы атысты тоқтату ісіндегі олардың еңбегі үшін ризашылықтарын білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлыбритания, Германия және Франция елдерінің бірлескен мәлімдемесінде Стармер, Макрон және Мерц телефон арқылы келіссөз жүргізіп, Газада күшіне енген атысты тоқтату туралы келісімнің орындалу барысын талқылағаны айтылған.

Еуроүштік елдері таратқан бірлескен мәлімдемеде келісімнің тұтқындарды босатуды және гуманитарлық көмекті қамтамасыз етуді көздейтіні айтылды. 

Мәлімдемеде барлық тараптар өз міндеттемелерін орындауға шақырылып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін бұл жоспарды қолдауға үндеді. Еуроүштік елдері гуманитарлық бағдарламаларды жүзеге асыруға да атсалыспақ.

Сонымен қатар тараптар Иранның ядролық бағдарламасына қатысты "Snapback" тетігін қайта іске қосқанын мәлімдеп, Тегеранмен және Вашингтонмен жаңа келіссөздерді бастауға дайын екенін жеткізді.

Құжатта Ресейдің Украинадағы азаматтық нысандарға шабуылдары сыналып, Мәскеуге қысым жасау мен Украинаны қолдау жалғасатыны атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу