Ұлыбритания халқы қазірден бастап Brexit-ке дайындалуда

3471

Ұлыбританияны келісімсіз Brexit қатты алаңдатып отыр.

Ұлыбритания халқы қазірден бастап Brexit-ке дайындалуда

Біріккен Корольдіктің Еуроодақтан шығуы ел экономикасына қалай әсер ететіні белгісіз. Сарапшылардың бұған қатысты пікірі екіге бөлінді. Кейбіреулері тіпті мұның салдары халықты әбден әбігерге салуы мүмкін дейді. 

Үрейі қашқан британиялықтар жаппай ең қажетті деген тауарларды сатып алуда. Сарапшылардың есебі бойынша, соңғы айларда жергілікті тұрғындар азық-түлік, сусын және дәрі-дәрмек қорын толтыру үшін 4 млрд доллардай жұмсаған. 

Жуырда сайланған премьер-министр Борис Джонсон Біріккен Корольдікті Еуроодақтан 31 қыркүйекке дейін шығаратынын айтқан болатын. Ол Брюссельмен ортақ келісімге келмесе де уәдесін орындайтынын тілге тиек етті. Айта кетейік, Джонсонның "брекситке" қатысты ұстанымы қатаң, сондықтан сарапшылар мен кәсіпкерлердің күдігі орынсыз емес. 

Қор және валюта нарығындағы жағдай да оңып тұрған жоқ. Өткен апталарда фунттың еуроға қатысты бағамы 2016 жылдан бергі ең төменгі деңгейге жетті. 2016 жылы британиялықтардың басым бөлігі елдің Еуроодақтан шығуына дауыс берген болатын. Англия банкінің басшысы Марк Карнидің айтуынша, "келісімсіз брекситтің" салдары ел экономикасына орасан залалын тигізуі мүмкін. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу