Ұлыбританияның ең жоғарғы лауазымына түрік келді ме?

2430

Тұманды Альбионның саяси сахнасында тың өзгеріс.

Ұлыбританияның ең жоғарғы лауазымына түрік келді ме?

Кеше  Борис Джонсон консерваторлар партиясының басшысы болып сайланды. Джонсонның өмірбаяны таңқалдырарлық деректерге толы. Оның өзін ұстауы, келбеті, тіпті шығу тегі де ерекше.

Борис Джонсон – есімнің қысқартылған нұсқасы ғана. Толық аты – Александр Борис де Пфеффель-Джонсон. Оның арғы атасы түрік журналисі Әли Кемаль Осман империясының соңғы уәзірі Ахмед Окдайдың үкіметінде ішкі істер министрі болып жұмыс істеген. Тарихи деректер бойынша, Кемаль Ататүрікті тұтқындауға бұйрық берген осы кісі болатын. Бірақ билікке келген Ататүрік оны өлім жазасына кескен.

Енді тори партиясының көшбасшысы атанған Борис Джонсон сәрсенбі күні Букингем сарайындағы патшайымның қабылдауынан кейін премьер-министр қызметіне ресми түрде кіріседі.

BBC агенттігінің дерегінше, ол жақын күндері Қаржы және Ішкі істер министрлерін тағайындамақ. Сондай-ақ ол үкімет құрамындағы әйелдер мен өзге ұлт өкілдерінің санын көтеруді көздеп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі күні Борис Джонсон консерваторлар партиясың басшысы болып сайланған болатын. Бұрынғы Сыртқы істер министрінің кандидатурасын партияның 90 мың мүшесі қолдап дауыс берген. Ал елдің қазіргі сыртқы істер министрі Джереми Хантты 40 мың адам қолдаған.

Саяси додада жеңіске жеткен Джонсон келісімсіз Brexit өткізіп, елді біріктіруге бар күшін жұмсайтынын алға тартып отыр.

Айта кетейік, Борис Джонсон Букингем сарайындағы патшайымның қабылдауынан кейін бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00 халық алдында сөз сөйлейді.   

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу