"Ұмай" ипотекасына қосымша 20 миллиард теңге бөлінеді

1338

"Отбасы банкінің" мәліметінше, қаражат жақын арада түседі.

"Ұмай" ипотекасына қосымша 20 миллиард теңге бөлінеді Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Өтінім қабылдау күні қосымша хабарланады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Азия даму банкі әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекалық бағдарламасына екінші кезең бойынша 20 миллиард теңге көлемінде жаңа транш бөлуді мақұлдады.

Банктің мәліметінше, 9 млрд теңге көлеміндегі алғашқы транш тамыз айында түсті. Бағдарламаға сұраныс өте жоғары болды. 31 тамызда 855 өтінім қабылдап, бөлінген қаражаттың лимиті небәрі 7 сағатта толық игерілген.

Айта кетейік, алдыңғы кезеңде "Ұмай" бағдарламасының шарттары мынадай:

  • сыйақы мөлшерлемесі–  жылдық 14,8% (ЖТСМ – 16,3%-дан 16,8%-ға дейін);
  • қарыздың ең жоғары сомасы – 50 млн теңге;
  • бастапқы жарна – Астана мен Алматыда 20%-дан, өңірлерде 15%-дан бастап.

"31 тамызда өтінім беріп үлгермеген болсаңыз, келесі кезеңдерде өтінім беру мүмкіндігі болады. Өтінім қабылдаудың басталу күні, қатысу тәртібі және бағдарлама шарттары туралы "Отбасы банктің" ресми парақшаларында қосымша хабарланады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу