Үндістан әлемді болатпен қарық қылмақшы

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
4478

Үндістан 2030 жылға қарай 300 млн тоннаға дейін  болат өндіруді жоспарлап отыр.

Үндістан әлемді болатпен қарық қылмақшы

19-21 сәуір аралығында Үндістанның Мумбай қаласында өткен India Steel 2017 көрме-конференцияда саланы дамыту мәселесі талқыланды. Іс шараның ұйымдастырушылары – қазақ-үнді іскери кеңесі мен Үндістандағы ҚР елшілігі, Үндістанның темір министрлігі, коммерция мен индустрия министрлігі, FICCI (Federation of Indian Chambers of Commerce and Industry) федерациясы. Көрме-конференцияға 75 елден 250-ден астам делегат қатысты.

Үндістанның болат  министрі Чаудхари Бирендер Сингх Үндістан 2030 жылға қарай 300 млн тоннаға дейін болат өндіруді жоспарлап отырғанын айтып өтті. Сонымен бірге әлем бойынша жақын арада екінші орынға шықпақ ойлары бар екенін айтты.

"2016-2017 қаржылық жылы Үндістанның болат құю өнеркәсібі жақсы жұмыс істеді. Болат өнімін экспорттауды екі есе арттырдық. Үндістан үш жылға жалғасқан сәтсіздіктен кейін болат өнімінің нетто-экспорттаушысына айналды. Болат импорты үш есе қысқарып, болат өндіру 9%-ға артқан. Соңғы қаржылық жылда Үндістан болатты 3%-ға артық пайдалана бастаған", – деді ол.

Еске сала кетейік, бәсекелестерінен оза шығып, болат өндіру бойынша әлемде бірінші орында – Қытай, екінші орында болат өндіру көлемі бойынша шамалы айырмашылығы бар Жапония мен Үндістан тұр. 2016 жылы әлемдік өндіру көлемі 1,604 млрд тоннаға жетіп, 2015 жылмен салыстырғанда 0,7%-ға артқан.

Әлемдік болат өндірушілер қауымдастығының (ӘБӨҚ)  мәліметі бойынша, 2016 жылы Қытай болат өндіруді 1,2%-ға арттырып, 808,4 млн тоннаға дейін жеткізген. Екінші орынды 104,8 млн тонна өндіретін Жапония алған, олар 2015 жылғы көлеммен салыстырғанда 0,3%-ға аз өндірген. Үндістан керісінше болат өндіруді қарқынды дамытып, 2016 жылы 95,6 млн тоннаға дейін жеткізген, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 7,4%-ға артық.

Осылайша, әлемдік болат өндірудің ондығына кіретіндер: Қытай - 808,4 млн тонна, Жапония –104,8 млн тонна, Үндістан –  95,6 млн тонна, АҚШ – 78,6 млн тонна, Ресей – 70,8 млн тонна, Оңтүстік Корея – 68,6 млн тонна, Германия – 42,1 млн тонна, Түркия - 33,2 млн тонна, Бразилия – 30,2 млн тонна және Украина – 24,2 млн тонна.

Ішкі тұтыну –Үндістандағы болат өнімін өндірудің  артуы үшін басты драйвер болу  керек. Үндістандағы ішкі тұтыну көлемінің өсуі инфрақұрылымға көлемді инвестициялар салатын бағдарлама беру керек. Жол, көпір, құрылысы,  сондай-ақ урбанизация елдің ішінде болатқа деген сұранысты арттырады.

ӘБӨҚ болжамы бойынша, Үндістанда болатқа деген сұраныс  2017 жылы 5,7%-ға артады. Сонымен бірге әлемдегі болатқа деген сұраныс небәрі 0,5%-ға өседі. FICCI болат комитетінің басшысы  П. К.Сингхтың айтуынша, 2030 жылға қарай Үндістанда ішкі тұтынуды қазіргі адам басына 61 кг-дан жалпы әлемдік 200 кг дейін өсіру керек. Оның ойынша, сұраныс инфрақұрылым, кеме жасау, машина жасау және темір жол құрылысы есебінен өсуге тиіс.

Үндістандық Tata Steel Limited, Essar, Jindal Steel and Power Limited, MESCO Steel және Rashtriya Ispat Nigam Limited сияқты болат құю компаниялары басшылары да болат өндірудің әртүрін өсіруге уәде беріп, құлшыныс танытып отыр. Үндістандық нарықтан басқа көршілес  елдер Бангладеш, Мьянма және т.б нарығына шығу мүмкіндігі пайда болуда.

Сонымен бірге олар нарықтың жаңа сегментіне де шыға алады. Үндістандық болатты әскери секторға өткізу туралы Midhani басшысы Динеш Кумар Лихи айтып берді. Үндістан қорғаныс саласына едәуір қаражат жұмсайды, бұл үндістандық болат құю компанияларына қажетті болатты жеткізуге мүмкіндік береді. Ал Tata Steel компаниясы қазірдің өзінде үндістандық қорғаныс саласына болат жеткізіп отыр.

 Алайда елдің ішінде  жеткізуге де қор жетерлік. Tandon Consultants Privat Limited  басқарушы директоры, профессор Манеш Тандон  қытай компаниясы салғанҮндістандағы бір көпір құрылысын мысал ретінде келтірді.  Көпір құрылысы үшін технологияға сай Үндістанда өндірілмейтін болат қажет болған. Осылайша бұл көпірді салуға болат  Қытайдан әкелінген. 

Жанболат Мамышев, Гүлназ Ермағанбетова 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу